Жансая Әбдімәлік референдумға қатысып, өз таңдауын жасады

05.06.2022 20:50

Бүгін елімізде жалпыхалықтық референдум өтіп жатыр

ҚазАқпарат

Қазақстандық шахматшы қыз Жансая Әбдімәлік Алматыдағы №557 референдум учаскесінде дауысын берді. Учаскеге ол әкесімен бірге келді, деп хабарлайды Almaty.tv.

 «Жеке есебім бойынша, бұл - мен қатысып жатқан екінші саяси науқан. Алғаш рет 2019 жылы Президент сайлауында дауыс бергенмін. Референдум – еліміз үшін ауқымды тарихи оқиға. Мен үшін бұл - ең алдымен өзімнің азаматтық позициямды білдіруге болатын мүмкіндік деп санаймын», – деді Жансая Әбдімәлік. 

№557 учаскесі сайлау комиссиясының төрайымы Ақмарал Бахинаның айтуынша, бұл учаскеде 2 264 адам тіркелген. Таңертеңнен бері 250-ге жуық адам дауыс беріп үлгерді.