Әділдік үшін халық референдумға қатысатынына сенемін – Сауытбек Әбдірахманов

01.06.2022 21:37

Мәжіліс депутаты Ұлттық кітапхана қызметкерлерімен кездесті

Almaty.tv

«Әділдік пен жарқын өзгерістер үшін халық та қарап қалмай, референдумға қатысатынына сенемін». Осылай деген Парламент Мәжілісінің депутаты, қарымды қаламгер Сауытбек Әбдірахманов Ұлттық кітапхана қызметкерлерімен кездесіп, басқосуда пікір алмасты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жиында саяси тақырыптан бөлек әдеби және мәдени дамудың өзектілігі айтылды.

«Халықтың билікке сенімі арта түсті. Кез келген кездесуде байқап жүрміз. Біз мұның алдында Ақмола облысының аудандарында кездесу өткіздік. Енді Алматыға келіп отырмыз. Барлық жерде халықтың негізгі бөлігі Конституцияға енгізілетін өзгерістердің мәнін әрі түсінеді, әрі қолдайды», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сауытбек Әбдірахманов.