Философия ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Сәбит алда өтетін референдумге қазақстандықтар белсенді түрде атсалысуы керек дегенді айтады, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Референдум жайлы газет-журналдан, радио-телеарнадан естідік. Бұл жөнінде көптеген ой-пікір айтылды. Жер-жерден талқылаулар жүріп бастады. Алғашқыда осындай ауқымды істің жалғасып, талқыланып жатқанына онша көңіл бөлмедік. Ойымызда бір ғана ой болды. Ол бұрынғы жартас сол жартас шығар деп ойлап қана қойдық. Дегенмен, соңғы кездері жаппай талқылаулар өтіп жатқанда көңіліміз бұрылып, бастаманың ауқымының кең екеніне көз жете бастады.
Перзиденттің Ата-заңға өзгертулер енгізу туралы ұсынысын қолдаймыз. Мұны жақсылықтың нышанына да балаймыз. Бұрынғыдай биліктің бір адамның немесе бір топтың ғана айналасына шоғырланбаса екен дейміз. Халықтың пікірінің ескерілгенін қалаймыз. Сол себепті жасалып жатқан оң өзгерістерге қолдау білдірейік», – деді философия ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Сәбит.