Қазақстандағы саяси реформаларға қатысты АҚШ саясаткерлері өз қолдауын білдірді

28.05.2022 00:19

Тараптар екі ел ынтымақтастығының даму қарқынына көңілдері толатынын білдірді

Almaty.tv

Қазақстандағы саяси реформаларға қатысты Америка құрама штаттарының саясаткерлері өз қолдауын білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Дональд Лу еліміздің Конституциясына өзгерістер енгізілуіне байланысты өтетін референдумның халық үшін пайдасы орасан деген ойын білдірді. 

Басқосуда сондай-ақ, Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі дамыту мәселелері әңгіме болды. Тараптар екі ел ынтымақтастығының даму қарқынына көңілдері толатынын білдірді.