Ұлан Алтаев: Конституцияға өзгерістер енгізу – Жаңа Қазақстанның негізі

25.05.2022 02:47

Оның айтуынша азаматтар Конституцияға енгізілетін өзгерістерден хабардар болуы керек

Almaty.tv

«Бүкілхалықтық дауыс беру арқылы Конституцияға өзгерістер енгізу – Жаңа Қазақстанды құруға тікелей қатысу деген сөз». Осылай деген Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының қоғамдық үндеулерді қорғау басқармасының өкілі Ұлан Алтаев әрбір қазақстандық референдумға қатысуға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

 Оның айтуынша азаматтар Конституцияға ұсынылып отырған негізгі өзгерістерден хабардар болып баруы керек. Сондай-ақ кімдердің референдумға қатыса алмайтын жеткізді.

«Дауыс беруге қатыса алмайтын тұлғалар, яғни, әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтар. Сот үкімі шығып заңды күшіне еніп, сотталғандар референдумға қатыса алмайды.  Сонымен қатар, агитация жүргізбейтін тарихи құндылығы бар ғимараттарда референдум өтпейді», – деді қалалық прокуратура қоғамдық үндеулерді қорғау басқармасы бастығының орынбасары Ұлан Алтаев.

Ал Әділет департаменті басшысының орынбасары Гүлмира Тұрлыханова бұл өзгерістердің ішінде қоғамдық жұмысқа салу деген нормасының да барын айтты.  

«Қазір өздеріңіз білетіндей егер құқық бұзушылық болса, онда жаза ретінде қоғамдық жұмысқа салады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ұсақ құқық бұзушылықтарды қоғамдық жұмысқа салу арқылы жазалауға болады. Шетелде бұзақылық жасаса, олар да қоғамдық жұмыстарды істейді. Бізде сондай жүйе қалыптастырамыз», – деді қалалық әділет департаменті басшысының орынбасары Гүлмира Тұрлыханова.