Блогер Арина Мясоед өз таңдауын жасады

06.06.2022 03:45
Almaty.tv

Алматы жұртшылығы референдумде белсенділік танытты. Блогер Арина Мясоед Наурызбай ауданындағы  №511-ші сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Конституцияға енгізілетін өзгерістерге дауыс беру үшін учаскеге келдім. Алдын ала жасалатын өзгерістерді тыңғылықты қарап шықтым да өз таңдауымды жасауды жөн көрдім. Азаматтық борышымды өтеп, өзімді тамаша сезініп тұрмын», – деді блогер Арина Мясоед.