Сайлау учаскелері кешкі 20:00-ге дейін ашық болады
Алматының сайлау учаскелері саяси науқанға сақадай-сай. Ел бойынша ең көп сайлаушы осы қалада екен. Мұнда дауыс беруге құқылы 1 млн 176 мың адам бар. Соған сәйкес, мегаполис тұрғындарының сайлауға қатысу белсенділігі де жоғары болуы шарт, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Саяси науқан Бостандық ауданындағы №237 учаскеде таңғы 06:00-де басталды. Бұл учаске №45 мектепте орналасқан.
Саулау учаскесінің саяси науқанға ерекше дайындалғанын айта кету керек. Дауыс беруге алғаш келгендерді қазақтың ұлттық киімін киген арулар күтіп алып жүр. Атмосфера ерекше. Олар бауырсақ та әзірлеп қойған.
Қала тұрғындарына ескерте кететін жайт, дауыс беруге келгенде міндетті түрде жеке басын куәландыратын құжаттарыңызды ұмытпаңыз. Сайлау учаскелері кешкі 20:00-ге дейін ашық болады. Барлығы Алматы қаласы бойынша 600 учаске бар.