Мегаполистегі сайлау учаскелерінің 6-ы өз жұмысын таңғы сағат 06:00-де бастады
Алматыдағы сайлау учаскелерінің 6-ы өз жұмысын таңғы сағат 06:00-де бастады. Бұл көбіне әскери мекемелердегі сайлау нысандары. Жалпы, қала бойынша 55 учаске тұрғылықты тіркеуі жоқ азаматтар үшін арнайы жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Аумақтық сайлау комиссиясы берген ақпарға сәйкес, Алматы бойынша 1 млн 176 мың адам сайлау құқығына ие. Таңертеңгі белсенділік қалыпты деңгейде. Көптен бұрын таңдауын жасап, сайлау нысанына ерте барған азаматтарға арнайы сыйлық берілген.
«Шетелдік бақылаушыларға келсек, бізде 2 ОБСЕ бақылаушысы 1 айдан астам уақыт жұмысын жүргізіп жатыр. Олар әр учаскені аралап, аумақтық сайлау комиссияларын барады. Тағы да 20-ға жуық ОБСЕ өкілдері Алматы қаласында бар деген ақпарат бар бізде. Жалпы шетелдік бақылаушылардың саны 43-ке жуық», – деді Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанна Асанова.
Штаттық режимде жұмыс істеп тұрған учаскелер 2 типке бөлінеді. Яғни, барлық сайлаушыға арналған ашық учаскелер және азаматтардың уақытша мекенжайында ұйымдастырылған нысандар. Бұл дегеніміз аурухана, шипажай, әскери мекемелер және уақытша ұстау изоляторы болуы мүмкін. Осы аталған екінші типтегі сайлау орындарында дауыс беру бүгін ішкі тәртіпке байланысты ерте басталғанын да атап өту қажет. Одан бөлек, Алматыдағы 68 сайлау учаскесі дауыс беруді кез келген уақытта аяқтай алатын құқыққа ие.