Мемлекетіміздің болашағы үшін таңдауымызды жасайық - Армиябек Сағындықұлы

10.11.2022 19:50
Almaty.tv

Сайлау - бүтін еліміздің болашағына қатысты аса маңызды шара. Осылай деген әдебиеттанушы, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Армиябек Сағындықұлы барша қазақстандықтарды алдағы сайлауға қатысуға шақырды.

"Алдымыздағы 20 қараша күні Қазақстан президентін сайлағалы отырмыз. Осы сайлауға бір кісідей жұмылып, бүкіл халық болып атсалысып, өзіміздің таңдауымызды жасайық. Бұл - бүтін еліміздің, ұрпағымыздың болашағына қатысты аса маңызды шара. Сондықтан осы шараға түгел халық болып қатысайық. Ұлтымыздың, мемлекетіміздің болашағы үшін таңдауымызды жасайық", - деді әдебиеттанушы.


Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдау сайтында және білім басқармасының мемлекеттік қызметтер порталында сайлаушылар тізімдерінен өзіңізді тексеруге мүмкіндік беретін сервис қолжетімді.