Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандар мен ардагерлер үшін ерекше жағдай жасалды

20.11.2022 20:52

Үйден таңдау жасау үшін 1062 дауыс беру жәшігі дайындалды

РСК

Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандар мен ардагерлер үшін ерекше жағдай жасалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сайлау құқығы бар мұқтаж адамдарды қамтамасыз ету үшін қалада 65 инватакси және 500-ден астам көшпелі топ ұйымдастырылды. Үйден таңдау жасау үшін 1062 дауыс беру жәшігі дайындалды.

Алматы қаласы бойынша барлығы 65 ҰОС ардагері және дауыс беру кезінде ерекше жағдайға мұқтаж 5 076 мүгедек сайлаушы бар. Оның 2551-і мүгедектер арбасын пайдаланады, 1382-сі көру, ал 1143-і есту және сөйлеу қабілетінен толық айрылған.

Теги: сайлау