Саяси науқанға таңдау жасау – мемлекеттің болашағы үшін маңызды

sn.kz
sn.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ел Президентінің сайлауына бір аптадан аз уақыт қалды. Алдағы 7 жылдықтың тағдырын шешетін саяси науқанға азаматтардың бірауыздан қатысып, таңдау жасауы – мемлекеттің болашағы үшін маңызды.

«Бір адамның даусының өзі көп дүниені шешеді. Сондықтан да, болашаққа немқұрайлы қарамауымыз керек деп есептеймін. Сондықтан да, әр азамат барып, өзінің таңдауын жасап, сайлауға қатысу – міндет деп білемін», – деді актер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Әділ Ахметов.

Саяси сауаттылық - халықтың өз болашағына бейқам қарамауынан қалыптасады"-, деген мәдениет қайраткері де алдағы Президент сайлауында көпшілік белсенділік танытады деп сенеді.

«Өркениетті елдерде сайлауға деген сауаттылық, елдің көзінің ашықтығы, яғни қоғамға деген өзінің өмірін, халқының өмірін, мемлекетінің өмірін кімге барып сеніп тапсыруға болады, сол жерде талғам жасайды. Сондықтан да бұған атүсті қарауға болмайды. Мен барлық қазақстандықтарды, бауырларымызды 20 қарашада өтетін сайлауға бір кісідей атсалысуға шақырамын!», – деді ақын, композитор, ҚР мәдениет қайраткері Төлеужан Ғұмаров.

Новости партнеров