Білікті саясаткердің мемлекет басына келуі баршамызды қуантады - Бауыржан Жақып

22.11.2022 23:14
Almaty.tv

Еліміз тұрақты түрде алға дамуы керек. Осылай деген Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып халық сайлауда дұрыс таңдау жасады деп есептейді.  

"Халқымыз өз таңдауын жасады. Мен бұл таңдауды өте дұрыс деп есептеймін, өйткені қазір елімізге тұрақтылық керек. Тұрақты түрде алға қарай дамуымыз керек. Еліміз өндіріс саласында болсын, экономика  саласында болсын, барлық салада алға қарай дамуы керек. Ол үшін тұрақтылық, халқымыздың ауызбіршілігі керек. Ішкі саясатты да, сыртқы саясатты да тепе-тең ұстап отырған саясаткердің мемлекет басына келуі баршамызды қуантады", - деді ол.

Еске салайық, Орталық сайлау комиссиясының отырысында 20 қарашада өткен Қазақстан Президенті сайлауының ресми қорытындылары жарияланды. Қорытынды бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болып сайланды. Президенттің ант беру күні 26 қарашаға белгіленді.

Теги: сайлау