Республика бойынша 8 млн 108 мың сайлаушы дауыс берді

20.11.2022 23:20

Республика бойынша сайлаушылардың 67,85 пайызы дауыс берді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған дерекке сәйкес, астана уақытымен сағат 18.00-де өңірлерде азаматтардың келуі мынадай:

Абай облысы бойынша – 78,88,

Ақмола облысы бойынша – 75,82,

Ақтөбе облысы бойынша – 71,23,

Алматы облысы бойынша – 70,92,

Атырау облысы бойынша – 67,88,

Батыс Қазақстан облысы бойынша – 64,77,

Жамбыл облысы бойынша – 77,27,

Жетісу облысы бойынша – 77,8,

Қарағанды облысы бойынша – 77,80,

Қостанай облысы бойынша – 77,56,

Қызылорда облысы бойынша – 77,20,

Маңғыстау облысы бойынша – 64,57,

Павлодар облысы бойынша – 77,12,

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 77,46,

Түркістан облысы бойынша – 80,25,

Ұлытау облысы бойынша – 74,45,

Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 76,81,

Астана қаласы бойынша – 48,01,

Алматы қаласы бойынша – 27,93,

Шымкент қаласы бойынша – 59,56 пайыз.

Шавкат Өтемісовтің дерегінше, жалпы сағат 18.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 108 668 азаматы бюллетень алды.

Ол - тізімге енгізілген азаматтардың 67,85 пайызы.

Бүгін елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Барлық өңірде 10 033 учаске жұмыс істеп тұр.

Сонымен қатар шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы 67 учаскеде дауыс беру басталды. Шетелдегі бір учаске әлі ашылған жоқ.

Осылайша, қазіргі уақытта сайлау 10 100 учаскеде өтіп жатыр.

Теги: сайлау