Дулыға Ақмолда: Бұл – өте жауапты кезең, мән беріп қарауымыз керек

10.11.2022 00:47
Almaty.tv

20 қараша Қазақстан Президентінің сайлау күні. «Қазір әлемде болып жатқан қым-қуыт оқиғалар, саяси жағдайлар Қазақстанға әсерін тигізбей қоймайды» деп ойын білдірген актер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Дулыға Ақмолда дәл қазір жауапты кезең екенін баса айтты.

«Қазір әлемде болып жатқан қым-қуыт оқиғалар, саяси жағдайлар Қазақстанға әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан да дәл қазіргі сәт біз үшін жауапты кезең деп есептеймін. 20 қараша Қазақстан Президентінің сайлау күні. Мен өз участігіме барып, Қазақстан азаматы ретінде дауыс беремін. Құрметті қазақстандықтар, еліміздің болашағы үшін президентімізді сайлауға атсалысуларыңызды өтінемін. Бұл – өте жауапты кезең. Оған мән беріп қарауымыз керек деп ойлаймын», – деді актер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Дулыға Ақмолда.

Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдау сайтында және білім басқармасының мемлекеттік қызметтер порталында сайлаушылар тізімдерінен өзіңізді тексеруге мүмкіндік беретін сервис қолжетімді.