Қатысушылар сайлау учаскелерінде мониторинг жүргізу тәртібін пысықтады
Бүгін Алматыда "Қоғамдық пікір" қоғамдық қорына арналған сайлаудағы тәуелсіз бақылаушыларды оқыту семинары мен тренингтер сериясына 150 адам қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шара Алматы қаласы бақылаушылар мектебіндегі Азаматтық орталық базасында өтті.
"Тәуелсіз бақылаушылардың басты міндеті - сайлау процесінің ашықтығы мен шынайылығын қадағалау, сайлауға мониторинг жүргізу", - деді жаттықтырушы.
Тренинг барысында сайлау заңнамасының негіздері, азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылбайланыс әдістері, сондай-ақ сайлау заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік жүктелетіні түсіндірді.
Қатысушылар жеке және күрделі мәселелерді талдап, сайлау учаскелерінде мониторинг жүргізу тәртібін пысықтады. Сонымен қатар, сарапшылар жиі кездесетін кемшіліктерге тоқталып, бақылаушылардың құқығы мен міндетін талқылады, Ал заң бұзылған жағдайда бақылаушының әрекеті мен міндеті айтылды.
Жаттықтырушы білікті мамандар қатарынан Сәуле Алпысова, Қайыржан Әбдіхалықов, Бекнұр Кисиков және Қарлығаш Үсеинова табылды.