Дауыс беру учаскелеріне сайлаушылардың келуі туралы келесі ақпарат сағат 22.05-те беріледі
Президент сайлауында 8 млн 282 мыңнан астам адам дауыс берді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мұхтар Ерманның дерегінше, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, астана уақытымен сағат 20.00-де өңірлерде азаматтардың сайлауға келуі мынадай:
Абай облысы бойынша – 80,18,
Ақмола облысы бойынша – 78,87,
Ақтөбе облысы бойынша – 72,20,
Алматы облысы бойынша – 72,10,
Атырау облысы бойынша – 70,87,
Батыс Қазақстан облысы бойынша – 67,77,
Жамбыл облысы бойынша – 79,57,
Жетісу облысы бойынша – 81,43,
Қарағанды облысы бойынша – 78,39,
Қостанай облысы бойынша – 79,28,
Қызылорда облысы бойынша – 80,31,
Маңғыстау облысы бойынша – 66,18,
Павлодар облысы бойынша – 77,58,
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 78,24,
Түркістан облысы бойынша – 80,37,
Ұлытау облысы бойынша – 75,48,
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 79,49,
Астана қаласы бойынша – 48,67,
Алматы қаласы бойынша – 28,72,
Шымкент қаласы бойынша – 59,79 пайыз.
«Жалпы сағат 20.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 282 607 азаматы бюллетень алды. Ол - тізімге енгізілген азаматтардың 69,31 пайызы. Дауыс беру учаскелеріне сайлаушылардың келуі туралы келесі ақпарат сағат 22.05-те беріледі», - деді ОСК хатшысы.
Бүгін елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтті. Барлық өңірде 10 033 учаске жұмыс істеді.
Сонымен қатар шет мемлекеттердегі Қазақстан өкілдіктері жанындағы 68 учаскенің бірнешеуі қазіргі уақытта жұмысын аяқтады.
АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Франциско қаласындағы учаске астана уақытымен 21.00-де ашылады.