Сайлау - ел ертеңінің болашағы

04.11.2022 02:36

Ел Президентінің сайлауына дейін екі аптадан аса уақыт бар. Бұл аралықта республика тұрғындары таңдау жасап, үміткерлердің жобасымен танысуы тиіс. Ал саяси науқаннан сырт қалмау – әркімнің азаматтық парызы

«Әрбір азамат өзінің ой-пікірін түйіндеді деп ойлаймын. Бару – парыз. Тек қана парыз емес, міндет. Ұрпақ үшін міндет. Себебі халықтың нақты даусы, қалаулысы саналуы керек. Жеке пікірім – менің парызым деп ойлаймын», – деді «Желтоқсан-86» тәуелсіздік қырандары» халық қаһармандары қозғалысының төрайымы Гүлбаһрам Жүніс

«Сайлауға қатысу – ел болашағына үлес қосу» дейді жастар қауымы. Себебі бүгінгі таңдау – ертеңгі өмір. Ал келешектің иесі, жастардың дауыс беруі сол ертеңгі күнге жасалған қадам болмақ.

«Қазақстан, еліміз үшін, ертеңгі болашақ үшін менің ойымша өте маңызды күн.  Сол себептен 20-қараша күні әрбір қазақстандық сайлауға баруы керек деп ойлаймын», – деді актер, тележүргізуші Тәуекел Мүсілім.