Алматыда 2300-ге жуық тұрғын үйінде дауыс берді

21.11.2022 03:26

Almaty.tv

Президент сайлауында 2300-ге тарта тұрғын комиссия мүшелерін үйіне шақырып, дауыс берді. Бұл Алматы қаласындағы көрсеткіш, деп хабарлайды Almaty.tv

Ал жабық сайлау учаскелерінде 12 400-ге жуық жан таңдау жасады.

Сайлау да өз мәресіне жетті. Бір сағат бұрын ғана қаладағы барлық сайлау учаскелері жұмысын аяқтаған еді. Ендігіде азаматтардың даусы есептеліп, хаттама толтырылатын болады. Күні бойына заң бұзвлған жоқ.  12,5 мыңнан астам азамат дауыс беруді ерте аяқтаған 68 учаскеде таңдау жасады. Шетелдік байқаушылардың пікірін тыңдаған едік.

«Расымен, Қазақстандағы сайлау қарқынды, талапқа сай өтті. Өрескел қате мен заң бұзылған жоқ. Ол сайлаушылардың қаншалықты дайындықпен келгенін көрсетті. Шетелдік байқаушылардың көбі осындай пікір айтып жатқанына қарап, сіздердегі президент сайлауының үлгі боларлық дәрежеде екенін атап өткім келеді», – деді  халықаралық байқаушы Тілек Шағай (Қырғыз республикасы)

Саяси науқанда Француз, Қырғыз Республикалары мен АҚШ және Ресейден келген байқаушылар сайлаудың өтуін жоғары бағалап отыр.