Ол әрбір бақылаушыға еліміздегі жаңа саяси мәдениетке қосқан үлестері үшін алғысын білдірді
Алматыдағы Қазақстан Республикасы Президенті сайлауынан хабар тарату жөніндегі баспасөз орталығының қорытынды брифингіне Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Бақылаушылар мектебінің тренері – Қайыржан Әбдіхалықов және Тәуелсіз бақылаушылар орталығының жетекшісі, Алматыдағы партиялық емес бақылау орталығының өкілі – Александр Братенков қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Александр Братенков өз сөзінде бұл сайлау циклін маңызды кезең деп атады.
«Сайлау ұйымдасқан түрде өтті. Жүйелік бұзушылықтар болған жоқ. Сайлауға Алматы қаласының тұрғындары арасында белгілі бір қызығушылық байқалды. Сайлау белсенділігінің төмендігін кемшілік деп ретінде атар едім. Біржақты себеп айту қиын, бірақ біз байқап отырған бұл 25-35 пайыздық дәліз тұрақты. Алматылықтар неге соншалықты белсенді емес екенін түсіну үшін қосымша зерттеулер қажет», - деді А.Братенков.
Байқаушылардың мәліметтері бойынша, барлық 531ашық сайлау учаскелерінен дауыс беруге арналған үй-жайлардың көлеміне қатысты кейбір олқылықтар мен кемшіліктер болды деп қорытынды жасауға болады, олардың пікірінше, байқаушылардың бәрі бірдей дауыс беру барысын ыңғайлы позициядан бақылай алмады.
Биыл бақылаушылар көп болды, өткен жылдары 3-7 адам болса, қазір кейбір сайлау учаскелерінде 15-20-ға дейін бақылаушы болды. Қазір бақылаушылар сайлау учаскелерінің жұмысын бақылауды жалғастыруда. Ол әрбір бақылаушыға еліміздегі жаңа саяси мәдениетке қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.