Ол Мәжіліске және жергілікті мәслихаттарға халыққа жаны ашитын білімді тұлғаларды таңдау екенін айтты
Алматы қаласындағы сайлау учаскелерінің бірінде Қазақстан жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазақстан жазушылар Одағының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Ұлықбек Есдәулет бүгінгі сайлау науқанында дауыс беруінің мақсаты – Мәжіліске және жергілікті мәслихаттарға халыққа жаны ашитын білімді тұлғаларды таңдау екенін айтады.
«Елімізді жаңарту, әділетті Қазақстан құру, әділ қоғам құру – оңай шаруа емес. Оның бір басы әрине, заңдарға келіп тіреледі. Сондықтан Парламентте отыратын ертеңгі заң қабылдаушы тұлғалар жан-жақты білімді, зиялы және еліне, жеріне, халқына жаны ашитын адам болуы керек. Біз бүгінгі сайлауда Парламентке дәл сондай тұлғаларды, ел мұң-мұқтажын көре білетін, айта білетін және заң жүзінде іске асыра алатын адамдарды таңдау үшін өз дауысымызды бердік. Сайлау учаскесіне келгендегі ойым осындай болды», – деді Ұ.Есдәулет.