Мәжіліс депутаттағына өзін-өзі ұсыну мүмкіндігі сайлау науқанын қыздыра түспек. Ал қатысатын партиялардың көбейгені саяси реформаның оң нәтиже беріп жатқанын көрсетеді. Осылай деген қоғам қайраткерлері жұртты алдағы 19 наурызда өтетін Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын саулау науқанына қатысуға шақырды.
«Бұрын 7 пайыз болса, енді 5 пайыз мөлшерінде партиялардың өту мүмкіндігі, «бәріне қарсымын» деген арнайы бағанның енуі сайлаушылардың өз қалауын білдіруге еркіндік береді», – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай.
Ал қайраткер Қазыбек Шайх «халық алдағы сайлауға белсенді қатыспаса жүйе өзгермейді, жаңа Қазақстан болмайды деп санайды. Ол мажоритарлық сайлау жүйесі енгізілгеннен кейін саяси партияларға тәуелсіз жеке тұлғалар мен саясаткерлердің келуіне жол ашылады дейді.
«Кейбір адам өзгеріс тез келуі керек деп ойлайды. Ол мүмкін емес. Оны өзгерту үшін уақыт керек. Бірақ өзгертпесек, ертең де қиын жағдайда боламыз», – деді қоғам қайраткері Қазыбек Шайх.