Сайлау-2023: Қостанай облысында азаматтардың 62,36 пайызы дауыс беріп үлгерген

19.03.2023 21:19

14:00-дегі мәлімет бойынша тізімге енгізілген азаматтар 46,84 пайыз бюллетень алды

Almaty.tv

Сағат 14:00-дегі жағдай бойынша электораттың жалпы санының 46,84 пайызы таңдауын жасады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сағат 14:00-дегі мәлімет бойынша тізімге енгізілген азаматтардың 46,84 пайызы бюллетень алды. Яғни, сайлаушылардың тең жартысына жуығы дауыс берген. ОСК-ның хабарлауынша, Қостанай, Батыс Қазақстан, Жамбыл облысының тұрғындары белсенділік танытып жатыр. Қостанай облысында азаматтардың 62,36 пайызы дауыс беріп үлгерген.

«Тізімге енгізілген азаматтардың 46,84 пайызы бюллетень алды. Оның ішінде: Абай облысы бойынша –52,22,  Ақмола облысы бойынша –52,12, Ақтөбе облысы бойынша –51,28 пайыз дауыс берді», – деді ОСК комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова.

Ал ең төменгі нәтиже Астана, Шымкент, Алматы қаласында байқалады. Дауыс бергендер әзірге 35 пайыздан аспай тұр.

Айта кетсек, сайлау сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Бүгінгі саяси науқан барысын ОСК баяндап отырады. Кезекті брифинг шамамен 5 минуттан кейін басталады.