«Байтақ» партиясы 18 кандидатты депутаттыққа ұсынды. Бүгін саяси ұйымның партиялық тізімі тіркелді, деп хабаралайды Almaty.tv.
7 үміткер – әйел. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафинаның сөзінше, ұсынылған кандидаттардың құжаты барлық талапқа сай келеді. Ал, алдағы саяси науқанға «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан 25 адам додаға түседі. Бұл тізімге енгізілген жалпы санның 40%-ына тең. Олар үшін партия қаражатынан сайлау комиссиясының шотына ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшерінде сайлау жарнасы енгізілген.