Алматыда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыс дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Актердің айтуынша, дауыс беруге келгендердің басым көпшілігі – жастар.
«Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кезектен тыс сайлауда шет қалмай дауыс бердім. Бүгінгідей саяси науқаннан қалып кетпей өз таңдауымызды жасау – әрбір қазақстандықтың міндеті. Дегенмен, сайлауға бей-жай қарайтын азаматтар өздері бекітілген учаскеге келіп дауыс бермейді де, соңынан «сайлау әділ өтпеді» деп шағымданып жатады. Сондай келеңсіз жайттар орын алмас үшін әрбір азамат өз дауысын ұрлатпауға тиіс. Әділетті Қазақстанды орнатуды мақсат етсек, өзімізден бастауымыз қажет. Депутаттыққа үміткер болып отырған азаматтардың басым көпшілігі жастар екендігі қуантады. Еліміздің өркендеуіне сүбелі үлес қосатын азаматтарымыз сайлауда жеңіп шығуына тілектеспіз», – дейді Бекжан Тұрыс.