Алматыда Марат Тоқашбаев дауыс берді

20.03.2023 03:13
Almaty.tv

«Халық қалаған тұлғаларын Парламенттің Мәжілісіне депутат ретінде өткізеді» Бұл – публицист Марат Тоқашбаевтың пікірі. Жазушы өз учаскесіне барып, дауыс берді, - деп хабарлайды Almaty.tv.

«Мәжілістегі сайлау депутаттардың саны – 98.  Соның 69-ы партиялар бойынша таңдалса, қалған 29 орын бір мандатты округ бойынша, яғни мажоритарлық сайлау жүйесі бойынша адамдарға өзін-өзі ұсынуға мүмкіндік берді. Бұл – Конституциялық тұрғыдан еліміздегі ілгері басқан қадам. Қазақстан бойынша 29 орынға 608 үміткер түсіп отыр. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» дегендей халық қалаған тұлғаларын Парламенттің Мәжілісіне депутат ретінде өткізеді. Осы арқылы әділ Қазақстан құруға жол ашамыз деп ойлаймын», – деді жазушы-публицист Марат Тоқашбаев.