Мегаполисте ресми тіркелген 1723 адам бақылау жүргізді
«Алматыдағы учаскелерде сайлау нәтижесіне әсер ететіндей заң бұзылған жоқ». Бұл – қаладағы дауыс беру науқанын қатаң бақылаған байқаушылардың пікірі. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында қорытынды ақпар таратқан мамандар сайлау азаматтардың белсенділігіне байланысты әділ өткенін атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сондай-ақ учаскелердегі тәртіп пен талаптың сақталуын қадағалаған байқаушыларға да алғыс айтылды. Саяси науқанда Алматы бойынша ресми тіркелген 1723 адам бақылау жүргізген еді.
«Байқаушылар барлық учаскені қамтыды және күні бойы штабқа ақпар беріп отырды. Сол дерекке сүйене отырып, құқық бұзылмағанына сенімдіміз. Дәлел берілді», – деді Алматы азаматтық альянсының төрағасы Қайыржан Әбдіхалықов.