Танымал сәнгердің Димаштың стиліне қатысты сынына әншінің әкесі жауап берді

11.11.2021 15:06

Қанат Айтбаев Димаштың киім кию үлгісін қадағалайтын арнайы маман барын айтады

exk.kz

Танымал сәнгер Лилия Рах «Алматы» телеарнасы Paparazzi бағдарламасына берген сұхбатында Димаштың сахналық киім кию үлгісін сынға алған болатын. Осыған байланысты әншінің әкесі Қанат Айтбаев сәнгердің сынына жауап берді. Ол Димаштың киім кию үлгісін қадағалайтын арнайы маман барын айтты.

«Әрине, Димаштың стилистері бар. Біреуі оның сахналық образына жауап береді. Ал екіншісі шаш қою үлгісін қадағалайды. Бізде бәрі дұрыс», – дейді Димаштың әкесі Қанат Айтбаев.

Әншінің әкесі көпшіліктен сәнгердің сынына аса қатты мән бермеуді сұрады.

Айта кетейік, Димаш "Fly away" әні АҚШ-тың ең танымал Forbes журналының тізіміне кірді. Ән Twitter желісінде ең көп талқыға түсіп, 6-орын алды.

Дереккөзі: Express Qazaqstan.