Әнші Төреғали Төреәлінің жұбайы Толқын Тұрарбекқызы желідегі парақшасында жолдасының бірнеше әйел аламын деген сөзіне қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Толқын Тұрарбекқызына оқырмандары екінші әйел тақырыбына қатысты сұрақ қойған. Эстрада жұлдызы әйелінің айтуынша, әнші екінші әйел алуға рұқсат сұрауға міндетті емес.
- Біріншіден, ол маған "тағдырыма екінші әйел алу жазылған болса, аламын, жазылмаған болса, алмаймын" деді . Екіншіден, тоқал алатын болса, менен сұрамайды. Міндетті емес. Сондықтан қарсымын ба, жоқ па, айта алмаймын. Иә, ауыр болуы мүмкін, бірақ ақиқаты сол, - деп жазды Толқын Тұрарбекқызы желідегі парақшасында.
Оқи отырыңыз: Сарайшық қалашығынан күміс монеталар табылды