66 келі салмақтағы боксшылар арасында өткен финалдық кездесуде Айсұлу Мұхит Румыния өкілі Амалия Тугуимен кездесті
Қазақстандық боксшы Айсұлу Мұхит Ереванда (Армения) өтіп жатқан бокстан жасөспірімдер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионатында финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
66 келі салмақтағы боксшылар арасында өткен финалдық кездесуде Айсұлу Мұхит Румыния өкілі Амалия Тугуимен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Айсұлу Мұхит әлем чемпионатының «алтынын» жеңіп алды. Бұл – Қазақстан құрамасының биылғы турнирдегі үшінші медалі. Бұған дейін Аяжан Сыдық (54 келі) пен Толғанай Қасымхан (60 келі) финалда жеңіске жетті.
Ертең Қазақстан құрамасынан Нұрасыл Төлебек (54 келі) финалдық кездесу өткізеді.