Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті

22.04.2022 13:53

Гүлмарал Ерекебаева жұбаныш финалында жергілікті балуан Ариунжаргал Ганбатты жеңді

Olympic.kz

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының қоржыны қола медальмен толықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Гүлмарал Еркебаева Ұлан-Баторда өтіп жатқан Азия чемпионатында 76 келіде қола жүлдені жеңіп алды. Ол жұбаныш финалындағы қарсыласы, жергілікті балуан Ариунжаргал Ганбатты 7:4 есебімен жеңді.

Айта кетері, бұл әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының бүгінгі жарыстағы екінші жүлдесі. Бұған дейін 68 келі салмақ дәрежесінде Мадина Бақбергенова топ жарып, Азия чемпионы атанды.