Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Аргентина құрамасы мен француздық «Пари Сен-Жермен» (ПСЖ) клубының шабуылшысы Лионель Мессиді 2022 жылдың үздік ойыншысы деп таныды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Месси спорттық мансабында екінші рет ФИФА нұсқасы бойынша жылдың үздік ойыншысы атағын жеңіп алды. Бұған дейін ол сыйлықты 2019 жылы алған болатын. Биылғы номинациялардың тізімінде «Реал Мадрид» ойыншысы Карим Бензема мен Мессидің ПСЖ-дағы әріптесі Киллиан Мбаппе де бар.
Айта кетсек, өткен маусымда Месси Катарда өткен турнирде Аргентина құрамасымен бірге жеңіске жетіп, алғаш рет әлем чемпионы атанды.
Сондай-ақ 2022 жылғы әлем чемпионатының үздік ойыншысы деп танылды.
The FIFA Best жеңімпаздарын әлемдік БАҚ өкілдері, ұлттық құраманың бапкерлері мен капитандары, сондай-ақ ФИФА сайтына кірушілер дауыс беру арқылы анықтайды. Аргентина құрамасымен 2022 жылғы әлем чемпионатын жеңіп алған Лионель Скалони биылғы жылдың үздік бапкері атағына ие болды.
Үздік қақпашы – аргентиналық Эмилиано Мартинес, испандық «Барселонаның» үздік футболшысы Алексиа Путеллас, үздік әйелдер бапкері – Англия құрамасының жаттықтырушысы Сарина Уигман, үздік әйелдер қақпашысы – Англия және «Манчестер Юнайтед» клубының қақпашысы Мэри Ирпс.
Үздік гол үшін Пушкаш сыйлығы Познань қаласының «Варта» парафутбол командасында ойнайтын поляк Марчин Олексиге берілді. Ол 2010 жылы жол апатына ұшырап, аяғынан айырылған.
Оқи отырыңыз: Алматы жастары айды аспанға шығарды: Канадада хоккейден өткен жарыста жерлестеріміз жеңіске жетті