23 жастағы Әлішер Сүлейменов былтыр шахмат олимпиадасында ұлттық құрама сапында өнер көрсетті
23 жастағы Әлішер Сүлейменов Дохада өтіп жатқан Qatar Masters Open турнирінің екінші айналымында әлемнің ең үздік шахматшысы Магнус Карлсенді сенсациялық түрде жеңіп кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
«Спорт Шредингера» Телеграм-арнасы хабарлағандай, FIDE әлемдік рейтингінде Әлішер Сүлейменов 528-орында, ал Карлсен бірінші орында тұр. Ол өз жеңісі туралы әсерін бөліскен.
«Өзімді қалай сезініп тұрмын дейсіз бе? Тіпті, не айтарымды да білмеймін. Шынымен өзімнің жеңіп кеткеніме әлі сене алар емеспін. Ойынның алдында егер тең ойын болса, керемет болар еді деп ойлағанмын, тіпті жаттықтырушым да солай деген еді», – дейді Әлішер Сүлейменов.
Әлішер Сүлейменов Павлодарда туған. Былтыр шахмат олимпиадасында ұлттық құрама сапында өнер көрсетті.
2022 жылы Үндістанның Ченнай қаласында өткен Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетті. Турнирде ерлер құрамасы Қытайдан келген қарсыластармен кездесіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Қазыбек Нөгербек пен Әлішер Сүлейменов ойындарын жеңіспен аяқтаса, Арыстанбек Оразаев пен Мұртас Қажғалеев тең есеппен аяқтады.
Сондай-ақ Қазақстан ерлер құрамасы шахмат олимпиадасының жетінші турында серпінді жеңіске жетіп, бастапқы кестедегі 40-орыннан 7-орынға көтеріле алды. Одан кейін Әлішер Сүлейменов шешуші ойында 200 ұпаймен испандық қарсыласын жеңді.