Байқау екі кезеңнен тұрды
Осы демалыс күндері Giro d’Almaty-2023 веложарысына Алматы мен Қазақстанның басқа қалаларынан, сондай-ақ Бішкек, Омбы және Мәскеуден 200-ден астам әуесқой және ардагер велоспортшы жиналды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі almaty-akshamy.kz-ке сілтеме жасап.
Байқау екі кезеңнен тұрды. Велосипедшілер сенбі күні Алатау ауданындағы Индустриалды аймақтан бастап, Алғабас шағынауданындағы «Huyndai Trans Kazakhstan» авто салонының тұрағы яғни 36 шақырым қашықтықтағы мәреде аяқтады. Ал екінші күні Royal Tulip Almaty қонақүйінен бастау алып, «Медеу» спорт кешенінің кіреберісі алдындағы алаңда аяқталды. Екінші күнгі жарыс өрге қарай болғандықтан 10 шақырым болды. Жеңімпаздар екінші күні анықталды.
Жарысқа 18 жастан асқан спортшылар жіберілді. 18-34 жастағы спортшылар арасында Бекжан Балғабаев пен Хамида Стамбекова жеңіске жетті. 35-39 жас – омбылық Иван Горбачев және Любовь Ренева, 40-44 жас – Евгений Сладков пен Айгүл Джуланова, 45-49 жас – Вадим Ежаков пен Марина Астаховалар жеңіске жетті. Бір қызығы, Айгүл мен Маринаның бәсекелестері болмады, өйткені олар қатысқан санатта қарсыластары болмады. Сонымен қатар байқауға 50 жастан асқан әйелдер қатысқан жоқ. 50 мен 54 жас аралығындағы ерлер арасында Ярослав Сабырбаев мәреге бірінші жетті.
Ұйымдастырушылар сондай-ақ 75-79 жас санаты бойынша жарыс жариялаған. Бірақ жарыста өз күшін сынауға ниет білдірген егде жастағы велошабандоздар болмады.
40 жастағы Наталья Ким соңғы 3-4 жылдан бері велоспортпен белсенді түрде айналысады.
«Менің мамандығым аналитик. Таңғы 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін кеңседе отырамын. Велосипедпен кешке, кейде таңертең жүремін. 4 жыл бұрын көлігімді сатып, толығымен велосипедке ауысуды шештім. Жұмысқа жыл бойы, тіпті қыста да велосипедпен барамын», – дейді Наталья.
Оқи отырыңыз: Қазақстан медаль саны бойынша Азия ойындарында үздік бестікке енді