Головкин «Канеломен» үшінші айқас туралы жаңа мәлімдеме жасады

20.05.2019 15:03
prosports.kz

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин No Puedes Jugar Boxeo Youtube-каналына берген сұхбатында мексикалық Сауль Альвареспен үшінші айқас туралы айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

- Олар үшінші айқасты өткізу үшін белбеу керек деп жатыр. Бұл туралы не ойлайсың?

- Біріншіден, мен барлық жанкүйерлер секілді үшінші айқас өткізіп, осы уақытта, біздің заманымызда бокс мансабының биік шыңына шыққым келеді. Маған айқас өткізу үшін белбеу керек деп жатқан болса - бұл жөнсіздік дер едім. Дегенмен, байқап көреміз, осы бойынша жұмыс істейміз.

Еске салайық, Головкин  мен «Канело» бірінші айқасы даулы тең нәтижемен аяқталса, екінші жекпе-жекте төрешілердің басым дауысымен «Канело» жеңіске жеткен болатын.