Бейжің-2022: 8 ақпанда кімдер жарысқа шығады

08.02.2022 15:13
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандықтар 8 ақпан күні Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында спорттың 3 түрінен сынға түседі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Атап айтсақ, ертең, 8 ақпанда қазақстандық атлеттер шаңғы жарысы, биатлон және конькимен жүгіруден ел намысын қорғайды.

8 ақпандағы жарыс кестесі:

Шаңғы жарысы

14:00 Жекелей спринт. Іріктеу. Әйелдер/Ерлер. Еркін жүріс.

16:30 Жекелей спринт. Финал. Әйелдер/Ерлер. Еркін жүріс.

Биатлон

14:30 Жекелей жарыс, 20 км. Ерлер.

Конькимен жүгіру спорты

16:30. 1500 м. Ерлер

Айта кетейік, Бейжің қаласындағы 2022 жылғы қысқы Олимпиадада спорттың жеті түрінен 109 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Ақ Олимпиадада еліміздің атынан 34 спортшы 85 жолдама бойынша сынға түседі.

Жарыс үш аймақта – Бейжің орталығы, Яньцинь және Чжанцзякоуде өтеді.

Бейжің керлинг, хоккей, конькимен жүгіру спорты, ерлер мен әйелдер арасындағы сноубординг, шаңғы фристайлындағы биг-эйр бәсекелерін қабылдайды.

Ал астана маңында орналасқан Яньциньде шаңғы, бобслей, скелетон және шана спортында медальдар жүлделері сарапқа салынады.

Хэбэй провинциясында орналасқан Чжанцзякоу қаласында сноубординг, шаңғы спортының барлық түрі және биатлон жарыстары өтеді.