Испаниялық футболшылар жартылай финалда Италияны 2:1 еесбімен сүріндірді
Испания құрамасы UEFA Ұлттар лигасы А дивизионының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Испаниялық футболшылар жартылай финалда Италияны 2:1 еесбімен сүріндірді. Ойынның бірінші кезеңінде олардың қатарынан Ферран Торрес 17, 45-минуттарда мергендік танытса, оған 81-минутта италиялық Лоренцо Пеллегрини бір голмен жауап қайырды. Осылайша испаниялықтар финалға жолдама алды.
Енді олар Бельгия және Франция жұбының жеңімпазымен кездеседі. Аталған құрамалар 00:35-те жасыл алаңға шығады.
Финал 10 қазанға белгіленген, дәл сол күні 3-орын үшін сайыс өткізіледі.
2020-2021 жылғы кезеңде Қазақстан құрамасы А тобында Албания, Беларусь және Литва құрамаларымен ойнап, төртінші орынды місе тұтты.
Енді қазақстандық футболшылар 2022 жылдың 24 және 28 наурыз күндері өтпелі кезең ойындарын өтізеді. Жеңген құрама С лигасында қалады.
Ұлттар лигасы ойындары 2018 жылдан бастап өтіп жүр. Алғаш рет Португалия құрамасы чемпион атағын жеңіп алды.