Бұл сайыс АҚШ-тың Калифорния штаты Стоктон қаласында өтті
Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) АҚШ-тың Калифорния штаты Стоктон қаласында өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ж.Әлімханұлы канадалық Стивен Батлермен (32-3-1, 26 КО) титулдық жекпе-жек өткізді.
Он екі раундқа есептелген жекпе-жекте WBO нұсқасы бойынша орта салмақта қазақстандық боксшыға тиесілі чемпиондық белдік сарапқа салынды.
Жәнібек әуелі қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Содан кейін нокаут тіркелді.
Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста он төртінші жекпе-жегін өткізіп, WBO чемпиондық белдігін қорғап қалды. Ал Стивен Батлер төртінші жеңілісіне ұшырады.
Ж.Әлімханұлы өзінің чемпиондық белдігін екінші рет сәтті қорғады.