11 жастағы қазақстандық спортшы Ислам Қабдоллов батуттық гимнастикадан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жас топтары арасындағы турнир Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатыр. Қабдоллов 11-12 жас аралығындағы топта Қазақстан құрамасының намысын қорғады. Ол 31.100 ұпай жинап, үздік атанды.
Жас спортшы 16 желтоқсанда 12 жасқа толады.