Қазақcтандық боксшы Назым Қызайбай Ла Нусияда (Испания) өтіп жатқан Boxam Elite-2024 халықаралық турнирінде алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Қызайбай 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финалда Португалия өкілі Рита Соарешпен кездесіп, оны төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен сенімді түрде жеңді, есеп 5:0.
Осылайша қазақстандық екі дүркін әлем чемпионы турнирдің жартылай финалына дейін жетіп, кем дегенде қола жүлдеге кепілдік алды.
Қазақстандық Айдана Забынбекова да турнирді сәтті бастады: ол 1/8 финалдық кезеңде филиппиндік Риза Пасуитпен жұдырықтасып, 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Оқи отырыңыз: Алматы облысында дүбірлі көкпар сайысы өтті