Ол 1500 метрді 1.53.53 уақыт көрсеткішінде жүгіріп өтіп, турнир жеңімпазы атанды.
Канаданың Калгари қаласында өткен конькимен жүгіруден халықаралық турнирде қазақстандық Екатерина Айдова еліміздің жаңа рекордын орнатты, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ол 1500 метрді 1.53.53 уақыт көрсеткішінде жүгіріп өтіп, турнир жеңімпазы атанды. Сондай-ақ, осы қашықтықтағы ел рекордын жаңартты. Ұйымдастырушылар ең үздік шетелдік спортшыға берілетін сыйлықты да Айдоваға табыстады.
Еске сала кетейік, Екатерина Айдова 3000 метрге жарысудан екінші орын алған болатын.
Масс-старт бәсекесінде қазақстандық Демьян Гаврилов бірінші орыннан көрінді.
1500 метрге жарысқан біздің спортшылардың нәтижесі төмендегідей:
Александр Кленко 8-ші, Демьян Гаврилов 11-ші, Дмитрий Морозов 14-ші, Виталий Щиголев 16-шы, Иван Аржаников 25-ші орында.