Брейкке қол жеткізбеген К.Гарсия 1 ғана эйспен шектелді
Қазақстанның бірінші, әлемнің 20-ракеткасы Елена Рыбакина US Open турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz сілтеме жасап.
Осы «Үлкен дулыға» додасының 19-ракеткасы болып тіркелген Е.Рыбакина екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 62-орында тұрған франциялық Каролнн Гарсиямен кортқа шықты. Бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған матчта қазақстандық теннисші қарсыласын 6:1, 6:4 есебімен қиналмай ұтты.
Е.Рыбакина бәсеке барысында 11 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Брейкке қол жеткізбеген К.Гарсия 1 ғана эйспен шектелді.
Қазақстандық спортшының келесі қарсыласы 2018 жылғы Ролан Гаррос, 2019 жылғы Уимблдон турнирлерінің чемпионы, қазіргі кезде рейтингте 13-орында тұрған румыниялық Симона Халеп.