Элизабет Тұрсынбаева әлем мәнерлеп сырғанаушыларының үздік ондығына кірді

08.05.2019 16:19

Жекелеген маусымда Элизабет төртінші орынға тұрақтады

Халықаралық конькишілер одағы (ISU) 2018/19 маусымынан кейін мәнерлеп сырғанаушылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Olympic.kz.


Элизабет Тұрсынбаева алтыншы орында. Ол екі маусым қорытындысы бойынша 3108 ұпай жинаған. Ал жекелеген маусымда Элизабет төртінші орынға тұрақтады.  

Әйелдер арасында ресейлік Алина Загитова 4510 ұпаймен бірінші орында тұр. Екінші орынға Сатока Мияхара 3459 ұпаймен орналасқан. 3384 ұпай жинаған тағы бір ресейлік Евгения Медведева үздік үштікті қорытындылады.

Ұпай есептеу барысында Олимпиада ойындары мен өткен маусымдағы әлем чемпионаттарының, сондай-ақ, Гран-при кезеңдері мен өзге де халықаралық жарыстардың үздік нәтижелері санаққа алынды.

Еске салайық, Тұрсынбаева карьерасында тұңғыш рет әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған.