Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындары коронавирусқа байланысты кейінге қалдырылды, деп жазады америкалық USA Today басылымы.
«Қазіргі коронавирус індетінің кең таралуына байланысты Олимпиада ойындары кейінге қалдырылды. Нақты уақыты әлі белгісіз. Дегенмен, Олимпиаданың дәл 24 шілдеде басталмайтыны анық», - деп мәлімдеді Халықаралық олимпиада комитетінің мүшесі Дик Паунд басылымға берген сұхбатында.
Ал Халықаралық олимпиада комитеті бұл мәлімдемені жеке адамның пікірі екенін айтып, нақты шешімнің алдағы төрт аптада қабылданатынын айтты.
Айта кетсек, коронавирустың көптеп таралуына байланысты Токиода жоспарланған Олипиада ойындарынан Канада мен Австралия құрамалары қатысудан бас тартқан еді. Ал Норвегия мен Бразилия Олимпиаданы кейінге қалдыру туралы өтініш білдірді.
Еске салсақ, Токиодағы Жазғы олимпиада ойындары 24 шілде мен 9 тамыз аралығында өтуі керек болатын.