Пакьяо WBA "суперчемпионы" атағы үшін жекпе-жекте жеңіліп қалды

22.08.2021 16:27

Ол сегізінші рет жеңіліске ұшырап отыр

flashcrunch.com

Мэнни Пакьяо WBA "суперчемпионы" атағы үшін жекпе-жекте сенсациялық түрде жеңіліс тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile Arena-да кәсіпқой бокс кеші аяқталды, оның басты оқиғасы 35 жастағы кубалық Йорденис Угас (26-4, 12 КО) пен 42 жастағы аты аңызға айналған филиппиндік Мэнни Пакьяо (62-7-2, 39 КО) арасындағы жартылай орта салмақтағы WBA Super тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек болды.

Кездесу барлық 12 раундқа созылды. Олардың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан шешім қабылдап, 115-113 және екі рет 116-112 есебімен Угас жеңді.

Осылайша Угас карьерасындағы 27-жеңіске жетті және титулын сақтап қалды, ал Пакьяо сегізінші рет жеңіліске ұшырап отыр.

Мэнни 2019 жылдың шілдесінен бері жекпе-жекке бірінші рет шығып отыр.

Теги: бокс