Қазақстандық боксшы жекпе-жектен кейін ауруханадан бір-ақ шықты

01.04.2019 16:46

Қазір боксшы Лос-Анджелесте ем қабылдап жатыр

Қазақстандық боксшы Асхат Уәлиханов (4-2, 2 КО) пуэрторикалық Хосе Лопеске (12-1, 10 КО) қарсы жекпе-жектен кейін ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sports.kz.

Бұл туралы отандасымыздың баспасөз хатшысы Уәлихан Қосанбай фейсбуктегі парақшасында мәлімдеді. 3 раундтан бастап қазақстандық боксшының аяқ-қолы тырыса бастаған. Ал 6 раунд аяқталғаннан кейін денесі құрысып қалған.

«Шүкір, қазір Асxаттың жағдайы жақсы», - деп жазды Қосанбай.


Дәрігерлердің айтуынша, боксшының қаны ұйып қалған. Қазір отандасымыз Лос-Анджелесте ем қабылдап жатыр.

Еске сала кетсек, сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жек Филадельфияда (АҚШ, Пенсильвания штаты) өтті. Уәлиханов алтыншы раундтан кейін жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Осылайша Лопес техникалық нокаутпен жеңіске жетті.