Қазақстандық теннисші жартылай финалда мажарстандық Мартон Фучовичпен шеберлік байқасты
Қазақстандық, әлемнің 223-ракеткасы Михаил Кукушкин Италиядағы Андрия турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 98-ракеткасы, осы жарыстың 1-ракеткасы, мажарстандық Мартон Фучовичпен шеберлік байқасты.
Михаил Кукушкин қарсыласын 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді.
Бір сағат 18 минутқа созылған матчта Кукушкин эйс жасамағанымен, 11 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. М.Фучович 2 эйс, 2 брейкпен көзге түсті.
М.Кукушкин финалда әлемнің 197-ракеткасы, швейцариялық Леонардо Рейдимен бас жүлдені сарапқа салады.
Өз спорттық жолында қазақстандық теннисші жекелей сында 14 рет челленджер жарыстарының жеңімпазы атанды. Соңғы рет Михаил 2018 жылы Ирвингте (АҚШ) үздік шықты.