Ол Голландия боксшысы Стивен Даньомен (17-3-3, 6 КО) кездесті
Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) Мексиканың Куэрнавака қаласында титулдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Онда ол Голландия боксшысы Стивен Даньомен (17-3-3, 6 КО) кездесті. Бірінші орта салмақтағы жекпе-жек он раундқа белгіленді. Жеңімпазға бірден үш аймақтық чемпион белдігі - WBA Continental, NABF және WBC Francophone берілуі тиіс болды. Жекпе-жек төрешілердің бірауыз шешімі бойынша қазақстандықтың жеңісімен аяқталды. Осылайша, Садриддин Ахмедов бірден үш белдікті иеленіп, он екінші жеңісіне қол жеткізді. Стивен Даньо осымен төртінші рет жеңілді.