Чиншанло 59 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті
Қазақстандық ауыр атлет Зульфия Чиншанло V Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль алды, деп хабарлады Almaty.tv спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Чиншанло 59 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Ол жалпы 220 кг (95+125) көтерді.
Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, Зульфия 130 келі салмақта үшінші мүмкіндігін іске асыра алмады, дегенмен нигериялық қарсыласынан 18 келі басым түскен.
Айта кетері, қазақстандық ауыр атлет Зульфия Чиншанло өткен жылы өткен Токио Олимпиадасында қола медаль алған еді.
Дереккөз: Sputnik