Қазақстандық каратэшілер үш медальге қол жеткізді

Сурет: Спортты дамыту дирекциясы
Сурет: Спортты дамыту дирекциясы
Сауд Арабиясында дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындары мәресіне жетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сауд Арабиясының астанасы Ар-Риядта өтіп жатқан Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарында WKF каратэден жарыс мәресіне жетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.  

Бүгін кумите бағдарламасында финалға шыққан Дидар Анарбеков (+84 келі) тартысты айқаста жарыс қожайыны Санад Суфианиге жол беріп, екінші орын алды. Ұлттық құрама спортшысы жартылай финалда чехиялық Ондрей Бошакты жеңген. Күндізгі сессияда Дидар үш жекпе-жек өткізіп, екеуінде қарсыластан басым түскен.

Ал 68 келіге дейінгі салмақтағы Нұрия Тізімбай өз тобында бірінші орын алғанымен, жартылай финалда тәжірибелі марокколық Виссал Эззардан айласын асыра алмады.

- Екі күнге созылған каратэшілер жарысында үш медаль алдық. Оның екеуі – күміс, біреуі – қола. Барлығы Ұлттық құрама сапында жеті спортшы келді. Өкінішке қарай, бүгін бақ сынаған Николь Ценгель жарақат алып, жарысты ерте аяқтауға мәжбүр болды. Жалпы мына ойындар біздің қыз-жігіттерге зор тәжірибе жинауға септігін тигізді, - деді каратэшілерді бастап келген жастар құрамасының аға бапкері Шаттық Қажымұқан.

Айта кетейік, Қазақстан делегациясы осыған дейін Бейжің мен Санкт-Петербургте өткен жауынгерлік өнер ойындарында WKF каратэден медаль алмаған.

Оқи отырыңыз: Андрей Голубев Швециядағы турнирдің финалына жолдама алды

Новости партнеров