Қазақстан құрамасында әзірге 27 медаль бар: 3 алтын, 4 күміс және 20 қола
Стенд атудан ҚР құрамасының мүшелері Қытайдағы ойындарда тағы жүлдегер атанды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
Стенд атудан трап бағдарламасы бойынша командалық сайыста Қазақстанның әйелдер құрамасы (Мария Дмитриенко, Айжан Досмағамбетова, Анастасия Прилепина) 3-орын алды.
Жарыс нәтижесі:
1-орын: Үндістан — 337 ұпай
2-орын: Қытай — 336 ұпай
3-орын: Қазақстан — 316 ұпай
Айта кетейік, дәл осы сайыстан Қазақстан командасы 2014 жылғы Азия ойындарында чемпион атанған еді. Ал Мария Дмитриенко 2014 жылы – алтын, 2018 жылы жеке сайыста қола алды.
Ханчжоудағы (ҚХР) биылғы Азиадада стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы ел қоржынына алғашқы алтын медаль салған болатын.
Ел құрамасында әзірге 27 медаль бар – 3 алтын, 4 күміс және 20 қола.
Оқи отырыңыз:Almaty Marathon: 1 қазанда қай көшелер жабылады